Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді.
- 15 шілде күні сағат 21-ден бастап 16 шілде күні сағат 21-ге дейінгі аралықта дауылды ескерту жарияланды, - делінген хабарламада.
16 шілдеде Павлодар облысының солтүтігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с дейін жетеді.
16 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.