Павлодарлық тұқымбақта қарағай көшеттері басқа телімдерге көшірілуде

Биыл күзгі кезеңде 600 гектардан астам аумақта жасыл желек қалпына келтіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл — табиғаттың тепе-теңдігін сақтау мен экожүйені нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыс.
– Қазіргі таңда Бесқарағай орман тұқымбағынан екі жылдық кәдімгі қарағай көшеттері қазылып алынып, дайындалған телімдерге көшірілуде. Бұл агротехникалық кезең орманды қайта жаңғырту процесінің ең жауапты әрі маңызды бөлігі саналады, – деп атап өтті «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватында.
Көшеттердің сапасы, тамыр жүйесінің беріктігі және отырғызу әдістерінің дұрыстығы алдағы орманның тағдырын айқындайды.