Павлодар облысының екі аудан оқушылары орманшылардың жұмысын істеп көреді

Павлодар облысының екі аудан оқушылары орманшылардың жұмысын істеп көреді
Фото: pexels.com

Олар өскіндердің күтімімен айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Аққулы мен Шарбақты аудандарының мектебінде бес мың қарағай тұқымы отырғызылады. 

– 14 қаңтар күні Аққулы ауданында бастау алатын бұл шараға мектеп оқушылары мен табиғат жанашырлары қатысады. Әрбір отырғызылған тұқым – таза әрі жасыл Қазақстанның кепілі, – деді «Ертіс орманы» резерватында.

Екі мектептің 5-сыныптан жоғары оқушылары тұқым сеуіп, көшеттерді өсірумен айналысады. Екі жылдан кейін өскен қарағай ағаштары мектеп аулаларындағы орманда отырғызылады.