Павлодар облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды
Жағдайға қалың мұз және мұздың түзілуі әсер етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Казгидрометтің мәліметінше, Шүлбі және Сілеті су қоймаларының ірі көлемде төгілуі мұз кептелістерінің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл су деңгейінің қауіпті деңгейге көтерілуіне ықпал етіп, елді мекендерді, жайылымдық жерлерді, жолдар мен инфрақұрылымды су басу қаупін төндіреді. Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің гидрологиялық бекеттерінде мұзқырқы мен шұқыр байқалады. Мұздың қалыңдығы 38-ден 50 сантиметрге дейін ауытқиды.
– Аудандардағы су басу қаупі үш категория бойынша анықталды, – деді синоптиктер. – Баянауыл өңірінде жоғары қауп тіркелді. Орташа қауп деңгейі Май, Павлодар, Ақтоғай, Аққулы аудандарында, Ақсу, Екібастұз қалаларында және іргелес ауылдық елді мекендерде тіркелді. Төмен қауп деңгейі Тереңкөл Шарбақты, Успен, Железин, Ертіс аудандарында байқалады.
Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарлауынша, су тасқыны басталғанда Ертіс гидрологиялық бекеттеріндегі ағынды суларды ескере отырып, су деңгейі мен ағын жылдамдығының ауытқуы туралы болжамдық мәліметтер беріледі.
Режим Шығыс Қазақстан облысы мен Абай ауданы аумағында орналасқан өзеннің жоғарғы ағысындағы су қоймаларының каскадымен реттеледі.