Павлодарлық баскетболшылар алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Павлодарлық баскетболшылар алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Ertis» БК алматылық қарсыластарын ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық баскетболшы қыздар өз алаңында «Томириспен» кездесті. Матч алаң иелері үшін оңайға соққан жоқ. Бірінші ширек нәтижелері жанкүйерлерді жерге қаратты 8:22. Алайда әрі қарай «ертістік» қыздар намысқа тырысып, бірте-бірте ойын тізгінін қолға алды. Соңғы кезеңде павлодарлықтар 19:5 есебімен жеңіске жетіп, қорытынды есепте 57:49 көрсеткішімен ойын тағдырын өз пайдасына шешті.

Бұл «Ertis» баскетболшыларының әйелдер арасындағы Ұлттық лига командаларына арналған Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Өкінішке орай, әзірше командамыз турнир кестесінің соңғы орнында келеді. Дегенмен, келесі төрт кездесуді қыздарымыз өз алаңында өткізеді.

Бүгін баскетболшыларымыз «Astana Tigers-KazATU» командасын қабылдайды. Матч СДЮШОР №2 (бұрынғы «Автомобилист») алаңында 17:00-де басталады.

Фото: Константин Музалевский