Павлодарлық биатлоншылар ел чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық биатлоншылар ел чемпионатында үздік атанды

Олар 25 жүлде алып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерінен құрылған команда биатлоннан Қазақстан Республикасының екі кубогына қатысты. Жалпы 25 медаль еншіледі, оның ішінде сегізі – чемпион, қалғандары – күміс және қола жүлдегерлер.

Команда құрамында № 24, 39, 29, 6, Қ.Мақпалиев атындағы, М. Әуезов атындағы, Ш. Шөкин атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектептердің 6-9-сынып оқушылары өнер көрсетті, олардың ішінде 14 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары – 6 сынып оқушысы Вячеслав Дымовских чемпион және төрт дүркін күміс жүлдегері, 9-сынып оқушысы Абдрахман Жақып эстафетада екі дүркін чемпион және 9-сынып оқушысы Милена Дымовских күміс және қола жүлдегері атанды. 

А.Шамкенов атындағы лицей-мектептің 5-сынып оқушысы Эвелина Тимофеева бірінші, екінші, үшінші (2) орындарды, 8-сынып оқушысы Давид Тимофеев үшінші орынды иеленді.

Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің оқушылары үшінші жүлделі орынға ие болды. 7-сынып оқушысы Егор Горбачевский жеке біріншілікте екі үшінші орын және 6-сынып оқушысы Илья Кондауров эстафетада қола жүлдегері атанды.