Павлодарлық тұрғын пәтеріне мысықтарды жинамайтын болды

Павлодарлық тұрғын пәтеріне мысықтарды жинамайтын болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ак.Бектұров көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары тәртіп сақшысына алғыс білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы  шеңберінде  әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізеді. Тұрғындар  әлеуметтік желіде түрлі құқық бұзушылықтар мен проблемалар туралы хабарлайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдіреді.

– Өткен жылдан бастап тұрғындар қиындық тудырып отырған пәтер иесіне қатысты мәселені шеше алмай жүрген. Олар пәтер иесінің үйіне қаңғыбас мысықтарды жинап, қоқыс жәшіктерінен тамақ қалдықтарын әкелетініне шағымданған, – дейді департаментте. 

Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Досымжанов қолайсыздық тудырып отырған тұрғынмен сөйлесіп, мәселе шешімін тапқан. 

– Учаскелік полиция инспекторларының араласуымен пәтер қоқыстан тазаланды, біз бұл жағдайға өте қуаныштымыз, – деп жазады үй тұрғындары.

Қала тұрғындары Алғыс хаттың соңында полиция қызметкерлеріне денсаулық, жұмыста табыс және отбасыларына амандық тіледі.