Павлодарлық полицейлер шағын футболдан өткен турнирде күміс иеленді
Жарысқа төрт облыстың погондағы спортшылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Динамо» спорт кешенінде өткен турнирде Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ПБ құрамалары бақтарын сынады.
Турнирді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ашты.
– Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын таңдауға түрткі болып қана қоймай, дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады, сондай-ақ шеберлікті арттыруға ықпал етеді және спорттағы үздіктерді анықтап қана қоймай, полиция қызметкерлерінің командалық рухына да жағымды әсер етеді, – деп атап өтті Марат Шәдетханұлы.
Турнирдің барлық қатысушылары лайықты бәсекелестік рухын көрсетті. Ал табанды күресте шын мәнінде мықты командалар жеңіске жетті.
Жарқын матчтар сериясының қорытындысы бойынша Абай облысының құрама командасына құрметті бірінші орын, облыс ПД қызметкерлеріне екінші орын берілді. Үшінші орынды ШҚО командасы иеленді.
– Осындай спорттық іс-шараларға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Турнир біздің достығымыздың күшін тағы да дәлелдеді. Бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі деп санаймын. Алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шараларға қатысамыз деп үміттенеміз, – деп атап өтті облыстық ПД командасының капитаны Азамат Амангелдинов.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram