Павлодар полициясының қызмет көрсету аумақтары өзгерді
Өзгеріс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысты үйлестіруге және әрбір аумақтағы жағдайды тиімді бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа шекаралардың бекітілуімен, қала тұрғындары мен кәсіпорындары енді өздеріне бекітілген полиция бөлімшелеріне тікелей жүгіне алады.
Қалалық полиция басқармасы
- Басшысы: полиция полковнигі Мәлік Оңғарбаев.
- Мекенжайы: Астана көшесі, 55.
- Жұмыс телефоны: 8 (7182) 37-76-00.
Бұл басқарма Ертіс өзенінің жағасынан бастап, Лермонтов көшесінің жұп нөмірлі жағы арқылы Академик Бектұров көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Одан әрі шекара Академик Бектұров көшесінің жұп жағымен Торайғыров көшесіне, Торайғыровтың жұп жағымен Назарбаев даңғылына дейін созылады. Назарбаев даңғылының жұп жағы Путейная көшесіне жетіп, Путейная арқылы Қамзин көшесіне ауысады. Қамзин көшесінің тақ жағы Малайсары Батыр көшесіне дейін жалғасып, одан кейін Қамзин көшесінен Малайсары Батыр көшесінің жұп жағы арқылы Щербақты трассасына дейінгі кең аумақты қамтиды.
Солтүстік және Орталық өнеркәсіптік аймақтар, Лесозавод, Радиозавод, Хромзавод аудандары, Павлодарское ауылы, Мойылды, Теміржолшылар, Жетекші, Атамекен, Жаңаауыл кенттері және «Березка», «Северный», «Надежда», «Мелиоратор», «Восточный», «Сосновый бор», «Иртыш», «Здоровье», «Нефтяник» саяжай массивтері де осы басқармаға бекітілген.
Солтүстік полиция бөлімі
- Басшысы: полиция майоры Әділет Мергазин.
- Мекенжайы: Лермонтов көшесі, 51.
- Жұмыс телефоны: 8 (7182) 39-15-00.
Бұл бөлімше Ертіс өзенінің жағасынан Лермонтов көшесінің тақ нөмірлі жағы арқылы Академик Бектұров көшесіне дейінгі аумақты қадағалайды. Шекара Академик Бектұров көшесінің тақ жағымен Торайғыров көшесіне, одан Торайғыровтың тақ жағымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін жетеді. Назарбаев даңғылының тақ жағы Путейная көшесіне дейін созылып, Путейная арқылы Қамзин көшесіне өтеді. Қамзин көшесінің жұп жағы Малайсары Батыр көшесіне дейін, одан кейін Малайсары Батыр көшесінің жұп жағы Назарбаев даңғылына дейін жалғасады. Сонымен қатар, Естай көшесінің жұп жағы Назарбаев даңғылына, Назарбаев даңғылының жұп жағы Амангелді көшесіне дейін барады. Амангелді көшесінің жұп жағы М. Жүсіп көшесіне дейін, М. Жүсіптің тақ жағы Теплов көшесіне дейін және Тепловтің тақ жағы «Ertis Olimpic» бассейніне дейінгі аумақ қамтылады. Бұған қоса, «Ертіс» шаңғы базасы және Ертіс өзенінің жағалауы да осы бөлімшенің қызмет көрсету аумағына кіреді.
Оңтүстік полиция бөлімі
- Басшысы: полиция полковнигі Қаржаубаев Тимур Болатұлы.
- Мекенжайы: Қамзин көшесі, 76.
- Жұмыс телефоны: 8 (7182) 37-78-00.
Бұл бөлімше Ертіс өзенінің жағасынан Теплов көшесінің жұп жағы арқылы М. Жүсіп көшесіне дейінгі аумақтан басталады. Одан кейін М. Жүсіп көшесінің жұп жағы Амангелді көшесіне, Амангелді көшесінің тақ жағы Назарбаев даңғылына дейін жетеді. Назарбаев даңғылының тақ жағы Естай көшесіне дейін созылып, Естай көшесінің тақ жағы Назарбаев даңғылынан бастап Малайсары Батыр көшесіне, әрі қарай Щербақты трассасына дейінгі кең аймақты қамтиды.
Шығыс өнеркәсіптік аймағы, Кенжекөл ауылдық округі, «Авиагородок» кенті, сондай-ақ «Яблонька», «Южный», «Строитель», «Энтузиаст», «Авиатор», «Огонек», «Фрегат» саяжай алқаптары да осы бөлімшенің қызмет көрсету аймағына жатады.