Павлодарлық полицейлер көп балалы отбасыларға сыйлықтар табыс етті

Павлодарлық полицейлер көп балалы отбасыларға сыйлықтар табыс етті
Фото: Константин Шелков

Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары 12 балаға барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданында полиция қызметкерлері көп балалы отбасыларға мереке ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары азық-түлік, тәттілер сатып алып, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берді.

– Мерекелік көңіл күй ұйымдастырып, балаларға сыйлықтар жасаймыз  деген   шешімді біз ұжыммен қабылдадық. Азық-түлік, тәттілер сатып алдық және балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстадық. Балалар  мен ата-аналардың көздерінен  бақытты көргенімізге өте қуаныштымыз. Біз өзіміз де  бала болдық,  мен  бұл мерекеден ғажайыпты күтетін едім. Сондықтан біз балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлауды ұйғардық, – дейді полиция майоры Альмира Құрамысова.

Ата-аналар полицейлерге мерекелік дастарханға арналған сый-сияпаттары мен азық-түлік үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.