Павлодарлық тоғызқұмалақшылар жазғы универсиаданың жүлдегері атанды
Дүбірлі дода Ақтау қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтау қаласында 4-8 маусым аралығында өткен 12-ші жазғы универсиадада облыс намысын 6 тоғызқұмалақшы қорғады.Павлодарлық спортшы Жамиля Баилдяшева 3-орын иеленсе, Аружан Абдыханова күміс жүлдені қоржынға салды. Жүлдегерлер 7 кездесу өткізген. Павлодар құрамасына Медет Сырлыбаев жетекшілік етті.
– Универсиадада өңірлік қыздар командасы 3-орынға ие болды. Өкінішке орай, ұлдарымыз сыннан сүрінді, – дейді Павлодар облысы бойынша тоғызқұмалақ федерациясының басшысы Арыстан Қапаев.
Еске сала кетейік, универсиадада жүлдегер атанған Жамиля Баилдяшева бұған дейін Әлем чемпионы атанған. Ал Аружан Абдыханова Әлем чемпионатының жүлдегері.