Павлодарлықтарға енді спортзалға барудың керегі жоқ
Спорт басқармасы жаңа жоба ұйымдастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында «AULAFIT» жобасы жүзеге асырылуда. Спорт басқармасы тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақырады.
Бұл жаттығулар барлық жастағы адамдарға арналған. Жаттығу аптасына үш рет тегін өтеді: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. Таңертең 10:00-ден 12:00-ге дейін және кешке 19:00-ден 21:00-ге дейін.
Ағымдағы жылы жоба Н.Назарбаев, 204, Қамзин, 68, Ткачев, 15, Сибирская, 87/2, Комсомольская, 1/1, Қамзин, 350, М. Горький, 31, М. Жүсіп, 288, Айманов, 50, Малайсары батыр, 8, Аймауытов, 2, М.Жүсіп, 40, Гагарин паркі, Бектұров, 5, Г. Дүйсенов, 105 (Қалалық бақ) көшелерінде өткізіледі.
Жаттығуға қатысқан тұрғындардың саны аз болған жағдайда мекенжайды ауыстыруы мүмкін. Тұрғындарды жаттықтырушыларды өз ауласына шақыра алады.