Павлодарлық спортшылар тоғызқұмалақтан ел чемпионатында жүлдемен оралды

Павлодарлық спортшылар тоғызқұмалақтан ел чемпионатында жүлдемен оралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зияткерлік сайыста елдің түкпір-түкпірінен жиналған 130-дан астам ойыншы бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, Қарағанды қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы рапид және блиц дисциплиналары бойынша Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты аяқталды.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 130-дан астам спортшы қатысып, тартысты бәсекеде павлодарлықтар жақсы нәтиже көрсетті. Рапид сайысында Жанат Қаймолдин мен Аяжан Егінбай үшінші орынға ие болды. Ал блиц форматында Ринат Керейбаев екінші орынды иеленсе, Аружан Абдыханова қола жүлдегер атанды.