Павлодарлықтарды баритон үштігінің концертіне шақыруда

Павлодарлықтарды баритон үштігінің концертіне шақыруда
Фото: @isabaizakovfilarmoniya

Бұл – филармонияның көпжылдық тарихында үш баритон қатар қатысатын осындай алғашқы концерт, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның мәліметінше, орындаушылар республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары – Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев және Алижан Қазбеков.

Баритондар «Дударай», «Аққу домбыра», «Қарағым-ай» және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың лирикалық композицияларынан әр буынның әйгілі әрі сүйікті әндерін орындайды. Концертмейстер – саусағынан бал тамған пианиношы, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Ерлік Сайырхан.

Сонымен қатар, орындаушылар Қазақстанның мәдениет қайраткері, асқан маэстро Виктор Шейкиннің жетекшілігімен филармония джаз оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

– Көрермендер әйгілі кеңестік және шетелдік авторлардың эстрадалық және классикалық шығармаларын тамашалайды. Олардың қатарында Джованни Капурроның «'O sole mio», Арно Бабаджанянның «Сұлулық патшайымы», Бенни Андерссонның, Бьорн Ульвеус пен Стиг Андерсонның «Dancing Queen», Рой Орбисонның «Oh, Pretty Woman», Консуэло Веласкестің «Besame mucho» және басқа да танымал композициялар, – дейді филармонияның баспасөз орталығында.

Филармония жаңа маусымдағы ерекше концерттік бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырмайтынына және барлық санаттағы шынайы музыка әуесқойларының талғамын қанағаттандыратынына сенімді.

Концерт 2 қазан күні сағат 19:00-де И. Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және филармонияның кассасында сатып алуға болады.

Байланыс телефондары:  +7(7182)22-80-87, +7(775)593-08-97.