Железин ауданында ана өзінің екі баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген

Железин ауданында ана өзінің екі баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Заң нормаларын елемегендер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті алимент төлеуден жалтарған тұлғаларды анықтау бойынша үнемі ре@Pavlodarnews.kz.йдтік іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде өзінің кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған ата-аналар анықталып, ұсталуда.

– Мысалы, Железин ауданында 36 жастағы ауыл тұрғыны өзінің екі кәмелетке толмаған баласына шамамен 3,5 миллион теңге мөлшерінде қарыз болып шықты. Тексеру барысында, ана 2023 жылғы шілдеден бастап алимент төлеу міндетін орындамағаны анықталды, – деді департаментте.

Биыл тәртіп сақшылары қабылдаған шараларының нәтижесінде 362 алимент төлеуден жалтарушы тұлғаның арасынан 186 қасақана төлемеуші табылды.

Алимент төлеуден жалтарған қарызгерлерге қатысты ең қатаң шаралар қолданылады. Олар алимент өндіріп алу бойынша атқарушы құжат талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған.