Алимент төлемеген павлодарлықтардың шетелге шығуына тосқауыл қойылды

Алимент төлемеген павлодарлықтардың шетелге шығуына тосқауыл қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосы

Олардың жалпы берешегі жарты миллиард теңгеге жуықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаменті мамандарының хабарлауынша, алимент төлемеген азаматтардың шетелге шығуына және мүлікті қайта рәсімдеуіне жол бермеу шаралары қабылданды.

Жеке сот орындаушылары алимент бойынша жалпы берешегі 445 миллион теңгеден асатын 235 борышкердің мүлігіне тыйым салу, шетелге шығуға және нотариаттық әрекеттер жасауға шектеу қою шараларын қолданбаған. Бұл заңбұзушылықтар прокурорлардың араласуынан кейін жойылды, деп хабарлады ведомство мамандары.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 16 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Павлодар облысында алимент бойынша жалпы берешек көлемі 12 миллиард теңгеден асады.