Павлодар облысында жарты жылда 20 мыңға жуық бала жарақат алған

Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ресми статистикаға сәйкес, өңірде 2025 жылдың алғашқы алты айында 19 510 бала мен жасөспірім әртүрлі жарақат алған. Жарақаттардың 1 225-і ауыр және орташа дәрежеде тіркелген, – деп жазды Сәуле Шакенева әлеуметтік желіде.
Олардың ішінде жол-көлік оқиғаларынан 256 бала зардап шексе, көшеде жарақат алғандар саны – 6 969. Тұрмыстық жарақаттар – 8 193, улану жағдайлары – 171, күйік – 284, тістелу – 356, ұрып-соғу – 245, биіктіктен құлау – 53 және спортпен айналысу кезінде жарақат алғандар – 1 302. Сонымен қатар, 36 жағдай баланың қатыгездікке ұшырауына байланысты тіркелген.