Павлодарлықтар SOS батырмаларын қаншалықты жиі қолданады?
Бұл құрылғылар оқыс жағдайларда полицияға жедел хабарласу үшін маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, өткен жылы SOS батырмалары арқылы 143 өтініш тіркелген. Ең көп өтініш Астана қаласында тіркелсе (45), Павлодар облысында бұл көрсеткіш 20, ал Қызылорда облысында 18 болған. Әрбір жағдайда азаматтардың өтінішіне дереу ден қойылып, қажетті көмек көрсетілді.
Бүгінде республика көлемінде 312 SOS батырмасы орнатылған. Олар қоғамдық орындарда орналасып, төтенше жағдай туындаған сәтте полицияға жедел хабарласуға мүмкіндік береді.