Екібастұзда жылқыны жайылымнан ұрлаған жылқышы ұсталды

Екібастұзда жылқыны жайылымнан ұрлаған жылқышы ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол малды сатып, ақшаны жеке мақсатта пайдаланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жылқыны жайылымнан ұрлады деген күдікпен жылқышы ұсталып, малды сатқаны және ақшаны жеке мақсатта пайдаланғаны анықталған.

–    Мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, – деді департаментте.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 400-ден астам автокөлікті, ет сататын 219 орынды және 510 шаруа қожалығын тексерді. Нәтижесінде, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың 23 фактісі және ілеспе құжаттарсыз ет өнімдерін өткізудің 6 фактісі тоқтатылды.

Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ауыл тұрғындарын өз малдарын қараусыз қалдырмауға, ауыл шаруашылығы жануарларын мүмкіндігінше сәйкестендіруге (чиптеу, таңбалау және биркілеу), мүмкіндігінше малға GPS-трекер орнатуға шақырды.