Павлодарда құтқарушылар есікті аша алмаған тұрғындарға көмек көрсетті

Павлодарда құтқарушылар есікті аша алмаған тұрғындарға көмек көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі пәтерден қарт адамдарға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин мен Айманов көшелерінде үш тізелі баспалдақ пен арнайы жабдықтың көмегімен мамандар екінші қабатқа көтеріліп, пәтерлерге терезе арқылы кірді. 

– Құтқарушылар бір пәтерде 1968 жылы туған ер адамды, екіншісінде 1947 жылы туған әйелді тапты. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, іс-шаралар полиция мен туыстарының қатысуымен жүргізілді.