Екібастұзда Қосым Пішенбаевтың мерейтойын көкпармен атап өтеді

Екібастұзда Қосым Пішенбаевтың мерейтойын көкпармен атап өтеді
Фото: imghub.ru /

Ұста, зергер, руда танушының биыл 180 жылдығы тойлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 маусым күні сағат 10:00-де өңір шабандоздары Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық көкпар ойынында бақтарын сынайды.

– Қадірлі көкпар сүйер қауым, атбегілер мен палуандар! Ұлы даланы дүбірге бөлеп, қалалық ипподромда өтетін рухымызды асқақтатар көкпар ойынынан қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз! – дейді ұйымдастырушылар.

Көкпар ойынының бас демеушісі – Рыбный ЦЕХ Восток «Абраева» жеке кәсіпкері.