21 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыс бойынша түнде температура +15...+ 20°C, күндіз + 28...+33°C құрайды.
Павлодарда күн бұлтты болады. Сынап бағанасы түнде +18...+ 20°C, күндіз + 30...+ 32°C көрсетеді.