Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар Павлодарда мергендіктен жарысты

«Ертіс» шаңғы базасында биатлоннан Grand Tour Biathlon Қазақстан жастар кубогының үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі ақпандық жарыс жыл сайын кеңейіп келеді. Өткен жылы оған алты облыстан 100-ге жуық спортшы қатысса, бұл жолы Қазақстанның тоғыз облысынан 120-дан астам атқыштар жиналды. Екінші жыл Кубоктар Grand Tour Biathlon форматында, яғни әлем Кубогының ересектер кезеңдерінің ережелеріне жақын өткізілуде.
- Барлығы үлкендердегідей: көшбасшының жейделері, жүлдегерлерге хрусталь кубоктар және жабдық сатып алуға сертификаттар беріледі, бұл өте маңызды. Мұнда спортшылар аянбай тартысады. Бұрын олар федерация жүлделеріне таласса, енді бұл Grand Tour үшін. Қазіргі уақытта Кубок кезеңдерін өткізу құқығын жеңіп алу оңай емес – бәрі өз қалаларында өткізгісі келеді. Дегенмен, Павлодарды ешкімге беретін ойымыз жоқ, - дейді жарыстың бас төрешісі, облыстық биатлон федерациясының басшысы, облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Николай Выдрин.
Жарыс географиясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын ескерсек, «Зеленая роща» базасында тамаша шаңғы-биатлон жолы жасалып, келесі жылдан бастап жаңа базада Қазақстан кубогы кезеңін өткізу жоспарлануда.
– Егер бәрі ойдағыдай болса, балалар пневматикалық тир орнатып, келесі жылы қыста «Рощада» жарысты өткізуді қолға алмақпыз. Қысқыға ғана емес, жазғыға да өтініш берілді. Дәстүр бойынша Павлодарда екі кезең өтетін болатын: қысқы және жазғы, бірақ деңгейі мен ауқымы мүлдем басқаша болды. Дәл қазір 120-дан астам бала қатысуда, қалағандардың барлығын жинасақ, қатысушылар 400-ден асады, - дейді Николай Выдрин.
Жарыс нәтижелеріне келсек, облыстық биатлон федерациясының басшысы жас жерлестерінің өнеріне оң баға беріп отыр. Қалыптасқан дәстүр бойынша ең қызу тартыс еліміздің екі шығыс өңірі арасында болды.
- Бірінші күні төртінші және бесінші орындарға ие болдық, бірақ екінші күні спортшылар ес жиып, екі адамымыз үздік үштікке енді, - дейді Николай Выдрин. – Бүгін бізде бір чемпион, екі жүлдегер бар. Дайындық деңгейін ескерсек, біз өте жақсы, өте сауатты өнер көрсетіп жатырмыз деп ойлаймын. Жарыс ең тартысты күрес Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының спортшылары арасында екенін көрсетті.
Қазақстан кубогының үш кезеңінен кейін Павлодар облысы жалпы есепте Шығыс Қазақстан облысының биатлоншыларынан кейін екінші орында тұр. Алда спортшыларды тағы үш кезең күтіп тұр: Ақмола облысының Балкашино жерінде қысқы кезең және Петропавл мен Астанада екі жазғы кезең өтеді.