Баянауылда облыстық ашық турнир өтті
Аталмыш жарысқа Қостанай, Семей, Астана, Новосібір облысынан командалар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Баянауыл кентінде ҚР еңбек сіңірген журналисі және қоғам қайраткері Амангелді Қаңтарбаевты еске алуға арналған 2009-2011 жылғы жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир ұйымдастырылды. Барлығы 200-ден астам спортшы бақ сынасты.
Өніріміздің спортшылары лайықты өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті.
Екібастұз қаласы Жасыбай атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Әділет Шүкірәлі екінші орынды қанжығасына байласа, Ғабиден Кенжебек үшінші орын иегері атанды.
Спортшыларды жергілікті жаттықтырушылар дайындады.