Павлодарлық дерби үмітті ақтамады
Футболдан Қазақстанның Екінші лигасының Солтүстік-Шығыс конференциясында статус-кво сақталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл – «Ертіс» пен «Ақсу» арасындағы екінші кездесу, біріншісінде бес дүркін чемпион жеңіске жеткен болатын. Сол кезде «Ақсу» таблодағы қорытынды есепке қарамастан, көрермендердің қошеметіне ие болған. Көрермендер туралы айтатын болсақ, бірінші матч Екінші лигадағы көрермендер саны бойынша рекорд орнатты. Шілдедегі дербиді жеті мың павлодарлық тамашалады.
Бұл жолы бәрі басқаша өрбіді. Мінберлер бос болса, командалар да тартысты ойын көрсетпеді. «Ақсу» бірінші таймның басында команда тартысты ойын көрсетуге тырысып баққанымен, үзіліске дейін «Ертіс» 2:0 есебімен алда келе жатты. Ол үшін бес дүркін чемпиондар аса қатты күш жұмсай қоймады, «Ертіс» жағдайын өрескел қателіктерге бой алдырған «Ақсу» қорғаушылары жасап берді.
Нәтижесінде «Ертіс» 3:0 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпай жинап, «Шахтер Ж» қуып келеді. Айта кетейік, бұл турда қарағандылықтар да жеңіске жетіп, көшбасшылықты сақтап қалды.
Маусымның соңына дейін командалар екі матч ойнауы керек. 24 қыркүйекте «Ертіс» «SD Family Ж» қабылдайды, ал «Ақсу» «Жеңіс» жастарына қарсы ойнайды. Рахман Асуханов командасы чемпионатты елордалық футболшыларға қарсы матчпен аяқтайды: 1 қазанда олар «Астана Ж» командасымен кездессе, «Ертіс» Петропавлға «Қызылжар» жастарымен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, Бірінші лигаға шығу үшін «Ертіс» бірінші орынды иеленуі керек.