25 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

25 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -2...+3 градус болады. Жаңбыр мен қар жауады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз ауа температурасы 0...+5 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Павлодарда түнде ауа температурасы 0...+2 градус болады. Аспан бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Күндіз +3...+5 градусқа дейін жылынады. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз.