HALYQ RADIOSY фестивалі: Үшінші бестік кімдер?

HALYQ RADIOSY фестивалі: Үшінші бестік кімдер?
Фото: Константин Шелков

Фестивальге түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары қатысады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сонымен HALYQ RADIOSY-ның үшінші бестігінде кімдер өнер көрсетеді?

София Головчук 3,5 жасында алғаш рет сахнаға шыққан. 4 жасында алғаш рет Украинада өткен әдеби акцияда еліміздің намысын қорғады. 2022 жылы халықаралық радиомектебі  байқауының кастингінен өтіп, сертификат алған. 2022 жылға республикалық «Мың бала» байқауының 2-орын иегері. 

Мағжан Өмірбеков 2006 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 7 жасынан әнге құмар болып өскен. Он жасынан бастап республикалық, халықаралық  конкурстарға қатысқан. «Мен де жұлдыз боламын» конкурсынан қатысып, Түркияға жолдама алған. Онлайн форматта «Golden time» конкурсына қатысып, 97 балмен қазылардың көзіне түсіп, Лондонға фестивальге шақырту алған. Көбінесе Димаш Құдайбергеновтың әндерін орындайды. Жоғары балл жинап, Чайковский колледжіне грантқа түсіп, қазіргі таңда атаулы оқу орнының 1 курсында білім алуда. 

Дания Қабидолла кішкентайынан әнге құмар. Анасы қызының өнерін байқап, ауылдағы мәдениет үйіне алып барған. Ауылдағы мектепаралық мерекелік іс-шараларға, кейін облыстық, республикалық ән байқауларына қатысқан. Өскемен қаласында өткен «Золотой восток» республикалық байқауында 3-орынға, «Ertis star» облыстық байқауында бас жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, көптеген республикалық, халықаралық байқауларлдың  лауреаты.

14 жастағы Күмісбек Медина  бес жасынан бастап Катаев атындағы оқушылар сарайыда вокалмен айналысады. Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы музыкалық мектепте фортепиано аспабында ойнайды. Ата-анасының және оқытушысының қолдауымен көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың  лауреаты атанды. Қытайда өткен халықаралық «Шығыс маржаны» байқауының 1 орын иегері. Грецияда өткен  Халықаралық «Күміс дельфин» байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар, Ресейде өткен халықаралық бірнеше байқаудың, республикалық «Жас әнші» фестивалінің жеңімпазы. 

Байқаудын ерекше қатысушыларының бірі – Элдана Габерман. Ол орталық қорғаныс министрлігінің қарулы күштерінде әнші қызметін атқарады. Көптеген республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты және жүлдегері. «Қайсар» екінші деңгейдегі медалімен марапатталған.

Айта кетейік, HALYQ RADIOSY халықаралық фестивалінің финалдық бәсекесінде 22 қатысушы бақ таластыратын болады. Бас жүлде 3 миллион теңгені құрайды.

 Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы