Халықаралық театр күніне орай павлодарлық әртістер марапатталды (ВИДЕО)

Халықаралық театр күніне орай павлодарлық әртістер марапатталды (ВИДЕО)
Фото Константин Шелков

Бұл күнді театр ұжымы 27 наурызда атап өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының мәлімдеуінше, Халықаралық театр күніне орай өнер ордасының оннан астам кәсіби маманына құрмет көрсетілді.

Мәселен, Ақық Таспаева Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағының «Дара» төсбелгісіне ие болса, Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Құрмет» грамотасы Бек Тоқатов, Асия Бекболатова мен Ирина Фоминаға бұйырды.

Сонымен қатар, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі ӘшімовтІң Алғыс хаты Руслан Нығманға, Әділ Дәуренге, Гүлжан Қайырбековаға, Қарлығаш Жексембаева мен Құралай Мусановаға табысталды.

Ал Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағының Алғыс хатымен театрдың жас әртістері Жақсылық Әбдірашім, Жасұлан Әмірхан және Мақсат Қайырбеков марапатталды. 

Айта кетелік, айтулы күн қарсаңында театр ұжымы көрермендеріне К.Гольдонидің «Венециялық егіздер» комедиясын ұсынады. Қойылым 27 наурыз күні сағат 18:00-де басталады.