Павлодарлық ақын-жазушылар «Ұлттық кітап» байқауына қатыса алады

Павлодарлық ақын-жазушылар «Ұлттық кітап» байқауына қатыса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үміткерлерден өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.

Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

1. Балаларға арналған үздік кітап;

2. Үздік комикс;

3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;

4. Детектив жанрындағы үздік кітап;

5. Сатира жанрындағы үздік кітап;

6. Үздік иллюстрациялық кітап;

7. Үздік аударма кітабы;

8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;

9. Үздік баспа;

10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қаласы, Пушкин көшесі 2/76, 8 қабат, 817 кабинет) қабылданады.

Байқау ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/982958?lang=kk