Павлодар облысында алимент бойынша борышкер әкені жауапкершілікке тартты
Оның қарызы алты миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
– Сот отырысы барысында азамат О.-ның 2017 жылы шығарылған кәмелетке толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығын ұзақ уақыт орындамағаны анықталды. 2025 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша оның алимент бойынша берешегі алты миллион теңгеден асып кеткен, – деді аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында азамат О. өз кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта жұмысқа орналасу үстінде екенін және мүмкіндігінше қарызын өтеуге ниетті екенін мәлімдеді.
Сот қаулысымен азамат О. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 19 660 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.