Павлодарлықтар қаладағы бағдаршам мәселесіне қалай әсер ете алады?

Павлодарлықтар қаладағы бағдаршам мәселесіне қалай әсер ете алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінішті қалай жолдау керектігі туралы арнайы бейне нұсқаулық дайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Tauan» қоғамдық қорының мәліметінше, егер қала тұрғындарында белгілі бір көшедегі бағдаршамдардың жұмысы немесе олардың орнатылуы бойынша мәселе туындаса, «eOtinish» платформасы арқылы мемлекеттік органдарға ресми өтініш жолдауға болады.

– Бұл – мәселелерді көтерудің және маңызды сұрақтарға жауап алудың тиімді құралы. Өтінішіңізді қалай дұрыс жолдау керектігін түсіндіру үшін арнайы бейне нұсқаулық дайындалды. Өтінішті қарастырғаннан кейін, жауапты қызметкерлер жол полициясымен бірлесіп, оқиға орнында тексеру жүргізеді. Сараптама нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Қоғамдық қор қала тұрғындарын бірге әрекет етіп, қаладағы жолдарды қауіпсіз етуге шақырады.