Астана - Ерейментау - Шідерті автожолы жабылды
Жолдың жабылуына көктайғақ себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жаңбар мен қар) Астана - Ерейментау - Шідерті республикалық манызы бар автожол, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Қазгидромет филиалының ақпараты бойынша 26 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Көктайғақ және тұман кезінде жол-көлік оқиғалары туындауы, сондай-ақ құлау кезінде түрлі жарақаттар алу ықтималдығы артады.
Жел күшейген кезде ғимараттар мен құрылыстардың әлсіз нығайтылған элементтерінің қирау ықтималдығы артады.
Құтқарушылар тұман кезінде автокөлік жүргізушілерін өте сақ болуға шақырады.