Павлодар облысында шыбын-шіркейді сегіз ұшақтан улайды
Бір биплан бір ұшқанда дәрімен 384 гектар жерді өңдеуге қабілетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысына дезинсекциялауда қолданылатын бес ұшақ келді. Бір ұшақ Қарағандыдан, екіншісі Петропавлдан келді. Санаулы күннің ішінде өңірге тағы үш ұшақ қонады.
Атамекен, Новочерноярка және Кенжекөл аудандарында аэродромдар дайындалды. Сондай-ақ биологиялық өнімдерді сақтайтын қоймалар бар.
Атамекен ауылының іргесіндегі басты аэродромды аралаған өңір басшысы Асайын Байханов айтқандай, биыл мамандар жайылманың 70-80 пайызын су басады деп болжап отыр. Сондықтан авиаөңдеу аймағы ұлғайтылды. Әкім арнайы жасақтардың аспаннан залалсыздандыру жұмыстарын ғана емес, өзен мен тосқауылдарды да күшейтетінін атап өтті.
– Биыл Ертістің жағасында орналасқан облыстың 59 жағалау маңындағы ауылдарды Май ауданынан бастап, Аққулы ауданы, Павлодарды, Павлодар ауданы, Тереңкөл, Ақтоғай, Ертіс және Железинді өңдейтін боламыз. Өткен жылы ауыл тұрғындары шыбын-шіркейдің көптігіне наразы болды, – деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, сары масаға қарағанда шіркей көбірек қолайсыздықты тудырады. Шіркей дернәсілдерінің популяциясын азайту аса маңызды, сондықтан Ертістегі биологиялық препаратты шығару пункттері ұлғайтылды.
Авиация іс-әрекетке сүйемелдеу тобының биологтары сигнал бергенде кіріседі.