Павлодарлықтардың құқықтық сауаттылығы арта түсті

Павлодарлықтардың құқықтық сауаттылығы арта түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының судьясы Нұрлан Ибраев айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, облыс тұрғындары талап-арыздарын электронды форматта жиі жібере бастаған. 2024 жылы электронды талаптардың саны – 52 493, барлық шағымдардың 96 пайызын құрады. Ал өткен жылы электронды талаптардың саны 36 359 болды.

– Бұл халықтың көздерінің ашықтығын көрсетеді. Қазір талап берушілердің барлығы білімді. Қарыз алатындар, қарызға беретіндер өз құқықтарын толықтай біледі деп есептеймін. Кейбір кезде зейнеткерлерге көмек қажет болуы мүмкін. Оларға үкімет қаражатынан адвокаттарды ұсынамыз, – деп бөлісті Нұрлан Ибраев.  

Ал сотты айта кететін болсақ, судьяларға екі жақты кемсітпей қорғау үшін құқық берілген. Яғни екі жақтың дауларына тіке араласпай, олардың кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.

Оның айтуынша, соңғы уақытта мұрагерлік үшін күрес пен тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактілері жиі орын алуда. Көптеген адамдар еңбек кітапшасында инициалдары қате жазылғандықтан зейнетке шыға алмай жатыр.

Жалпы өткен жылы түскен азаматтық істер мен талап-арыздардың саны – 28 689-ға өсті. Аяқталған істердің саны 12 пайызға өсті.

4051 іс екі жақтың татуласуымен шешілді, бұл жалпы санның тең жартысы.