Павлодар облысында қазан айының бірінші аптасы салқын болады

Павлодар облысында қазан айының бірінші аптасы салқын болады
Фото: Константин Шелков

Алдағы үш күнде тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидромет облыстық филиалының мәліметінше, екінші қазан күні ауа температурасы +11, +16 градус көрсетеді. 

Үшінші, төртінші, бесінші қазан күндері тұман күтілуде. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері +10+15 градус жылы болады. 

Жұма күні сынап бағанасы +15+20 дейін көтеріледі. 

Ал сенбі күні жаңбыр болжануда. Ауа температурасы +10+15 болады. 

Жексенбі күні +13+18 градус жылы болады.