Павлодарлық кәсіпкерлер мобильді аударымды қабылдамаса не істеу керек?

Павлодарлық кәсіпкерлер мобильді аударымды қабылдамаса не істеу керек?
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі тәсіл арқылы шағымдануға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова мәлім етті. 

Дүкендер мен таксистер, басқа да бизнес иелері атқарған қызметі үшін тұрғындардан тек қана қолма-қол ақшаны талап ету  заңсыз болып табылады. Таксистер салық заңнамасына бағынбай жүреді. Бірақ, олар қызметті заңды түрде жеке кәсіпкер ретінде ресімдеу керек. Ол кезде ешқандай проблема шықпайды, – деді ол.

Кәсіпкерлердің жеке шоттарына тауарлар мен қызметтерді бақылау кассалық машинасы мен POS-терминалдарды қолданбай мобильдік аударымдар арқылы төлеу, және тиісінше чектер бермеу, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін. 

Егер кәсіпкер чек бермей, не болмаса төлемді қабылдамаса, сіз салық органдарына жазбаша түрдегі өтініш қалдыра аласыз. Үйден шықпай салық органдарының электрондық поштаға жіберуге болады. Сондай-ақ, «Wipon» қосымшасы арқылы фото дәлелмен өтініш қалдыра аласыз. Ол өтініштер бәрібір салық органдарына түседі,– деді Галина Бирюкова.

Биыл аталған қосымша арқылы шағымданған бір-екі жағдай ғана болды. Ал былтыр екі жүзге жуық өтініш түсті, алайда олардың көбі дұрыс толтырылмаған болып шықты. 

Айта кетейік, 2022 жылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңына мобильдік төлемдер ұғымы енгізілді. Бұл жеке кәсіпкердің пайдасына қолма-қол ақшасыз төлемдер. Қаржы министрінің бұйрығымен кәсіпкерлік мақсаттар үшін мобильдік аударымдардың белгілері анықталды.

Ай сайын, қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде 100 түрлі тұлғадан мобильдік аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады.