Павлодарда «Қымыз мұрындық» мерекесі өтеді

Павлодарда «Қымыз мұрындық» мерекесі өтеді
Фото: Константин Шелков

Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, қойылымдар көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Этнофестиваль аясында бүгін белсенді ұзақ өмір сүру орталығының базасында Қызылорда қаласынан келген қолөнершілер киіз басу бойынша шеберлік сыныбы өтті.

Қонақтарды павлодарлықтардың ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген көзқарасы ерекше таң қалдырды. Шара аясында меймандар Павлодар қаласының көрікті жерлерін тамашалады.

Ал ертең, яғни 3 маусым күні сағат 11:00-де «Қымыз мұрындық» мерекесі 11:00-де Достық үйінің алаңында басталады.

Мереке театрландырылған қойылыммен басталып, кейін павлодарлықтар бал қымыздың дәмін тата алады. Алаңға жартылай киіз үйлер орнатылып, тәттілер үлестіріледі.

Бағдарлама барысында жергілікті шығармашылық ұжымдардың концерті болады. Бұдан бөлек, шараға арнайы Қызылорда облысынан шақырылған қонақтар ұлттық киім дефилесін өткізеді.

Ал Қызылорда, Астана және Аягөзден келген меймандар қолданбалы өнер шеберлері көрмесігде өз бұйымдарын ұсынады.