Павлодарда Ұлттық ұландықтар мұражай жәдігерлері арасында оркестрде ойнады
Мерекеден кейін экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ertis музейінде 1992 жылы құрылған ҚР Ұлттық ұланының 33 жылдығы атап өтілді. 90-шы жылдары құқықтық тәртіпті, стратегиялық объектілерді қорғауға мамандандырылды және ТЖ жоюға бағытталған ішкі әскерлер болды. Ал 2014 жылы Президенттің Жарлығымен ішкі әскерлер реформаланып, Ұлттық ұлан деген жаңа атау берілді. Бұл өзгеріс қызметтің беделін бірнеше есе арттырды.
– Біз жігіттерге құрмет көрсетуіміз керек. Себебі, күтпеген оқиғалар болған жағдайда олар бірінші кезекте адамдарды қорғауды қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз – халықты қорғау, – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Жан Қаратаев.
5512 әскери бөлімінен мерекеге 20 жас сарбаз келіп, бұл салада еңбек сіңірген мәртебелі ақсақалдар жылы сөздер айтты. Музейге келген Ұлттық ұланның үрмелі аспаптар оркестрі келушілер үшін кішігірім концерт қойды.
– Өздерін қызметте, оқуда және саптық дайындықта жақсы жағынан көрсеткен, үлгілі сарбаздарды таңдап, мұражайға әкелдік, – деді батальон командирінің орынбасары Елдос Қабдрашитов.
Мереке экскурсиямен аяқталды. Офицердің айтуынша, мұражайға келген сарбаздар бөлімге оралып, жақында шақырылған жігіттерге өз көрген-білгендері туралы айтатын болады.
Фото: Ertis музейі ұсынды.