Би, музыка, жаттығу: Еріктілер Ертіс жағалауын көңілді жүріп тазалады
Бұл жолы акцияның орны ретінде шаңғы базасы таңдалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» республикалық жобасы бойынша «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының штабы Павлодарда «EcoDans» ұйымдастырды. Еріктілер экологиялық сенбіліктен кейін спорттық жаттығулар жасап, би биледі. Музыка мен түрлі ойындар арқылы жасақшылар командаларды біріктіруге тырысып, оларға көңілді демалуға мүмкіндік берді.
– Біз тазалық жұмыстарынан кейін бұлшық еттеріміздің босаңсуы мен еріктілеріміздің қуаттануы үшін би жаттығуларын жасадық. – Сондай-ақ, командаларды жұмылдыруға арналған ойындар ойластырып, мақсатымызға жеттік, – деді «Жасыл ел» қалалық штабының командирі Арина Краснова.
Би сенбілігі кезінде павлодарлықтар оннан астам қоқыс қабын жинады.
Айта кетерлігі, бұған дейін «Жасыл ел» жасағы Усолка шағын ауданында эко-кросс өткізген болатын. Облыстық штаб командирі Руслана Сулаймонова «Таза Қазақстан» акциясы облыс жастарының облыстағы экологияны жақсартуға үлес қосуын жалғастыруы үшін қажет екенін айтты.