Павлодарда екі автобустың қозғалыс бағыты ұзартылды
Достық шағын ауданы тұрғындарының өтініштері орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, № 57, 115 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді.
– Достық шағын ауданы тұрғындарының өтініштеріне байланысты 24 маусымнан бастап № 57, 115 автобус маршруттарының қозғалыс сызбалары ДЭУ аялдамасына дейін ұзартылатын болады. Маршруттардың қозғалыс сызбалары тікелей Н.Назарбаев даңғылымен, Ладожская көшесіне кірмей өтеді, – делінген хабарламада.
Бұл өзгерістер тұрақты негізде енгізілді.