Павлодар облысында маусымның соңғы аптасы қатты ыстық болады
Кейбір күндері жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 25 маусымда облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +18...+23°С, ал күндіз +31...+36°С-ты көрсетеді.
26 маусымда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +30...+35°С-қа дейін көтеріледі.
27 маусымда желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін соғады. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +30...+35°С, ал облыстың оңтүстігінде +38°С-ты көрсетеді.
28 маусымда жаңбыр жауады. Түнде +17...+22°С, ал күндіз +33...+38°С-қа дейін қатты ыстық болады.
Сенбіде облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +27...+32°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде де жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +20...+25°С жылы болады.