Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті

Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сол себептен пойыз келе жатқан стансасына 11 минутқа кешікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі жиі рейдтер жүргізеді, бірақ соған қарамастан, жол бойында малдың бағуына байланысты пойыздардың шұғыл тоқтап қалу фактілері әлі де тіркелуде.

– Осындай оқиға 5 ақпанда Май ауданы Көктөбе – Жұмыскер стансасы учаскесінде тіркелді. Пойыз теміржол бойында заңсыз жайылып жүрген үш жылқыны қағып, шұғыл тежеуге тура келді. Сол себепті пойыз жоспардан тыс 11 минутқа жуық тұрды, – деді полиция департаментінде.

Полицейлер малдың иесін тапты. Ол Май ауданындағы Саты ауылының 54 жастағы тумасы болып шықты. Мал бағу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-баптың бірінші бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.