Павлодарда отандық футбол алпауыттары тартысады

Павлодарда отандық футбол алпауыттары тартысады
Фото: автор

Клубтар Премьер-лигаға жолдама үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бірінші лига турниріндегі қазіргі жағдай мен ақтаулық «Каспийдің» қарқынына қарап, Премьер-лиганың екінші жолдамасының иегері кім болатынын Павлодарда өтетін «Ертіс» пен қарағандылық «Шахтер» кездесуі шешеді деп болжауға болады. «Алтай» да алыс емес.

Кеншілерге қарсы ойын павлодарлықтар үшін өз жанкүйерлері алдындағы жетекші төрттік командаларына қарсы соңғы ойын болмақ. Осы уақытқа дейін бес дүркін чемпиондар Орталық стадионда «Каспий» мен «Алтайдан» жеңіліс тапты. Қарағандылықтармен «Ертіс» биыл екі рет ойнады: Кубокта және чемпионаттың бірінші айналымында. Екі кездесу де тең аяқталды. Осы жолы мұндай нәтиже екі команданы да қуанта қоймайтыны анық, бірақ «Каспий» мен «Алтайдың» көңілінен шығатыны сөзсіз.

- Біз «Шахтердің» күшті және осал тұстарын және олармен қалай ойнау керектігін білеміз. Әрине, футболда бәрі болуы мүмкін, бірақ бізде ойын жоспары бар. Бұл алты ұпай үшін ойын, онда көп нәрсе шешіледі, бұл финал ойындардың бірі болады. Енді міне, қандай футболшылар тапсырманы орындауға келгенін көрдіңіздер. Жанкүйерлер Премьер-лиганы аңсап жүр – олардың көңілін қалдыруға хақымыз жоқ, – дейді «Ертістің» бас бапкері Ринат Әлеуетов.

Қарағанды футболының түлегі Владислав Васильев пен оның командалас досы Еркебұлан Тұңғышбаев та жеңіске жетеміз деп құлшынып отыр.

- Қазір біз үшін әрбір ойын  – ең маңызды. Менің туған клубым ба, әлде басқасы ма – маңызды емес, біз тек жеңіс үшін шығамыз. Біздің мақсатымыз – жай ғана екінші орыннан шығу емес, 60 жылдыққа клубқа чемпиондықты әперу, - дейді Владислав Васильев.

Екі ойыншы да бір-екі апта бұрын «Ертіске» жаңадан келген. Павлодарлық бапкердің айтуынша, ол бірте-бірте оңтайлы үйлесім тапты, құрам тұрақтала бастады. Бес дүркін чемпиондарға дәл осы жетіспеді, деп есептейді ол.

Қарағандылық құрам біраз өзгерді. Бірқатар сәтсіздіктерден кейін Бірінші лиганың басты фавориті бірнеше ойыншыны қосып алуды ұйғарды. Клубқа Эльхан Саидов, Тимур Рудосельский, Сұлтан Сағынаев, Жасұлан Қайыркенов және Артем Литош қосылды. Соңғысы әсіресе қызықты және сонымен бірге қауіпті. Алматы футболының түлегі қазірдің өзінде көптеген футбол жанкүйерлерінің есінде өзінің алаңдағы виртуоздық әрекеттерімен және әдемі голдарымен қалды. Артем Литош «Шахтердің» шабуыл шебін айтарлықтай күшейтетіні сөзсіз.

Екеуара 20 медальдар бар Қазақстанның бес және екі дүркін чемпиондары арасындағы матч өте қызықты өтеді деп күтілуде. Ең бастысы, ойын дивизионның басты фавориттерінің қайсысы Премьер-лигаға лайық деген сұраққа жауап береді.

«Ертіс» - «Шахтер» ойыны 1 тамызда өтеді. Кездесу сағат 19.00-де басталады, кіру тегін.