«Ертіс» элитаға оралудың жолына түседі

Бірінші кедергі екібастұздық жерлестер болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қайта жаңғырған павлодарлық клуб үшін биылғы маусым шынымен де ерекше. Біріншіден, «Ертіс» еліміздің екінші деңгейлі футбол дивизионына алғаш рет қатысып отыр. Екіншіден, клуб биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аты аңызға айналған қарағандылық «Шахтер» де дәл осындай жағдайда. Көпшілік Бірінші лигада алғаш рет үш ел чемпионы бірден ойнайтынын атап өтуде. Мұнда жоғарыда аталған командалардан бөлек «Тараз» бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Бұл Бірінші лиганың деңгейін бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтеріп, матчтарға зор қызығушылық тудырады. Бастапқыда сарапшылар 2026 жылғы Премьер-лигада ойнау құқығын беретін алғашқы екі орын үшін тартыс «Ертіс» пен «Шахтер» арасында өтеді деп тон пішкен. Алайда наурыздағы Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі бұл болжамдарға айтарлықтай түзетулер енгізді.
Ақтаудың «Каспийі» фавориттердің бірі емес, бірден бірегейіне айналды. «Теңізшілер» құрамы жағынан да, қаржылық мүмкіндіктері жағынан да айтарлықтай мықты көрінеді. «Ертіс» Кубоктың шешуші ойынында ақтаулықтардың қорғанысын бұзып өте алмаса, батысқазақстандықтар керісінше үш рет қателіктері үшін «Ертісті» шебер жазалады. Команданың шабуыл өтінде павлодарлық Мирас Тұрлыбек ойнайды. «Ертіс» футбол орталығының шәкірті Кубокта жерлестерін ренжітіп үлгерді, бірақ ол мәрттік танытып, соққан голын тойлаудан бас тартты. Одан бөлек, «Каспий» командасын жамбылдық Баджо Бауыржан Байтана, қақпашы Андрей Пасеченко, қорғаушы Берік Айтбаев, жартылай қорғаушылар Марат Шахметов пен «Шоша» Еркебұлан Нұрғалиев күшейтті. Өздеріңіз көріп отырғандай, ақтаулықтар құрамы жағынан кейбір ҚПЛ клубтарынан да кем түспейді.
«Шахтер» «Ертістің» бәсекелестері арасында екінші орында. Қарағандылықтар маусымды сәтсіз бастады, Кубокта біздің жігіттерден ұтылды. Қарағандылықтардың ойыны көңіл көншітпейді, павлодарлық команда кеншілерді негізгі уақытта ұтуы керек еді, бірақ матч ақыры пенальти сериясымен аяқталды. 1 мамырда қарсыластар тағы да кездеседі, бірақ бұл жолы ойын Қазақстанның көмір астанасында өтпек. «Шахтер» ойыншыларының деңгейі Бірінші лигада өнер көрсетуге жеткілікті, бірақ биылғы маусымдағы жоғары бәсекені ескерсек, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін.
Алматының «Хан Тәңірінің» құрамында жұлдыздар жоқ, бірақ команда өте талантты ойыншылармен жасақталған. Артем Литошты алайықшы. Аса әлеуетті шабуылшы Бірінші лига аясында кез келген матчтың нәтижесін жеке дара шеше алады. «Қайрат» түлегі жасынан асқан өте техникалы және ақылды, оның командаластары да сондай: жылдам, тапқыр және креативті.
Астананың «SD Family» мен Өскеменнің «Алтайы» да Премьер-лигаға шығуға дәмелі дейді мамандар. Соңғылары Шығыс Қазақстан футболының бұрынғы даңқын қайта көтеруге ниетті екенін мәлімдейді. Бірақ әзірге бұл мәлімдемелер онша растала қоймайды, команданың Қазақстан Кубогындағы өнеріне баға беретін болсақ, әрине. Сондай-ақ «SD Family» де Кубок турнирінде де алысқа бара қоймады. Астаналықтар биыл «оңай шағылмайтын жаңғақ» кебін киетін болса керек. «Тараз» да осал емес. Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жамбылдықтар қарсыластарына тегеурінді қарсылық көрсететіні анық, әйтпесе, тараздық жігіттер фавориттерді жүйкесін жұқарта алады. Оған еш күмән жоқ.
Осы орайда «Екібастұз» өте қызықты көрінеді. Біз оны фавориттердің тізімінде ең соңғы орынға әлсіздіктері үшін емес, «Ертістің» Бірінші лигадағы алғашқы матчы осы командамен өтетіні үшін ғана қойдық. «Екібастықтар» бұл дивизионда тәжірибелі тіс қаққан қасқыр, мұндағы әр шөпті, әр шұңқырды біледі. Негізгі айырмашылық – екі команданың ойын тәсілі. Өткен Кубок шайқастарына қарағанда, «Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов командаға АПЛ немесе Бундеслига клубтарына тән ойынды үйретуде: допқа ұзақ иелік ету, қарсыластың айып алаңын торуылдау, допты соңғы сәтке дейін ойнату.
Екібастұздықтар жылдам қарымта шабуылдары бар футболды жақсы көреді. Осы орайда кеншілер былтырғы «Ақсуды» еске түсіреді. Командаға жаңа жаттықтырушы келді – биыл кеншілерді Андрей Шумара бастады. Ел Кубогында екібастұздықтар біраз шу шығарып, 1/8 финалға шығуы мүмкін еді, бірақ пенальтиден «Хан Тәңіріден» ұтылды. Орталық шепке ауысқан Айдын Бралин жастық шағындағыдай ойнауда. Қорғаныстың ортасында капитан Аслан Сүлейменов пен шебер Константин Горизанов мығым көрінеді. Алдыңғы шепте жүйрік Никита Стрижков пен Әлімжан Еркін кезектесіп ойнайды.
Сондықтан «Ертіс» – «Екібастұз» матчының көрермендері екі түрлі философияның куәсі болады. 9 сәуірде Павлодар қаласының орталық стадионында Павлодар облысының дербиі өтеді. Басталуы сағат 19.00, кіру тегін.