Баянауылда сквер, ойын алаңы жөнделеді

Баянауылда сквер, ойын алаңы жөнделеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шағын архитектуралық формалар толығымен қойылып, жерге арнайы жабынды төселген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

– Өткен жылы Баянауыл ауылының Жаяу Мұса көшесі тұрғындары аудан тұрғындарымен тұрақты кездесуімде балалар ойын алаңын сұраған болатын. Бүгінгі күні тұрғындардың сұранысы орындалып, балалардың бос уақытын өткізу үшін жоспарланған ойын алаңы аяқталуға жақын, – дейді аудан әкімі Ардақ Кісентаев.

Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев көшесі бойында орналасқан ойын алаңының тозығы жетіп, жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Аудан әкімі шұғыл арада қажетті қаржыны анықтап, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуді, күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізіп отыруды ауыл әкіміне тапсырды.

Осы көше бойындағы Шәкен Айманов ескерткіші орналасқан скверге алдағы уақытта ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұнда ескерткішті бояу, құлаған керамикаларды ауыстыру, брусчатка және жарық шамдарды ауыстыру, темір конструкцияны нығайту жұмыстары атқарылады.