Павлодарлық профессор жанжалды дұрыс шешуді үйрететін курс әзірледі

Павлодарлық профессор жанжалды дұрыс шешуді үйрететін курс әзірледі
Фото: Торайыров университеті

Торайғыров университетінде «Право как зеркальное отражение социальной жизни»  атты авторлық курсының тұсауы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Авторы – экономика және құқық факультетінің деканы,  з.ғ.к, қауымдастырылған профессор Юрий Колесников.   Курс  жанжалдық құқық және серіктестік құқығы саласына жатады. 

– Жанжалды дұрыс шешу үшін жанжалдың не екенін білу маңызды. Ол қалай пайда болады, қандай фазалар арқылы өтетінін біліп алған жөн. Жанжалды зерттеу мен бұл курстың маңызы осында, – дейді Юрий Колесников. 

Курста жеті бөлім бар: жанжал теориясына кіріспе, жанжалды басқару, тұлғааралық және отбасылық, ұйымдастырушылық және еңбек, діни жанжалдар және оларды шешудің жолдары, сонымен қатар, жеке жанжалдар ішіндегі әлеуметтік-психологиялық негіздері. 

Жоба 36 және 72 сағатты құрайды.