Павлодар облысында әкелер форумы өтті

Павлодар облысында әкелер форумы өтті

Шараны Павлодар ауданы, Жаңа қала білім беру мектебінің «Бәйтерек»  әкелер ұйымы ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, форум «Қамқор әке - бақытты балалық шақ» деген атпен өтті.

- Шара жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығы, мектеп пен отбасынның қарым-қатынасын заманға сай жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді, - делінген хабарламада.

Аталған форумда Павлодар ауданының білім беру бөлімінің басшысы Зәуреш Қалиева, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы филиалының басшысы Хызыр Жанарыс, «Нұр- Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушсы Арай Рахимжанова, Жаңа қала ауылының әкелер мектебінің мүшесі - Амангелді Бакриденов және мектеп директоры Колтай Калелханұлы әкелер тақырыбында ой қозғады.

- Әкенің қыз бала тәрбиесінде алар орны өте маңызды. Қыздың өсіп-жетілуі, болашақ жарымен қарым-қатынасы, отбасылық өмірдегі жетістігі мен өзін-өзі танытуы дәл осы әкенің қызына деген қарым-қатынасына байланысты. Қызына жылы сөйлеп, жақсы істеріне үнемі мақтау айтып отыратын әке қыздың өзін-өзі бағалап, үлкен жетістіктерге жетуіне, дұрыс жолды таңдауына себепкер болады, - деді  Бақытжамал Максилова.

Қатысушылар әкенің отбасы мен қоғамда алатын орнын және оның балаларға беретін тәрбиесін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда отбамындағы бала тәрбиесінің басым бөлігі аналарға жүктелгенін айтқан меймандар әке статусын көтеру керектігін айтты.

Фото: ашық дереккөзден