Шарбақты ауданында от жағушылар мектептің есігін ұрлап кетті

Шарбақты ауданында от жағушылар мектептің есігін ұрлап кетті

Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының полиция бөліміне белгісіз біреулер Шарбақты ауылының жылыту қазандығынан темір қақпаны ұрлап кеткені туралы арыз түскен. 

– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы іс-шаралар барысында тергеушілер күдіктілерді – екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Олар бұрын мектепте от жағушы болып жұмыс істеген, жұмыстан шығарылғаннан кейін  бұл қақпаларды металл қабылдау пунктіне тапсыру үшін алған, – дейді Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Әленов.

Полиция қызметкерлерімен заттай айғақ тәркіленді, келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады.