Павлодарда зағип жандар Брайльша оқып, жазудан сынға түсті
Байқау барысында тифлопедагогикалық оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Халықаралық мүгедектер күніне орай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін «Брайльша оқимыз және жазамыз» байқауы өтті.
Өткен жылы диктант жазу бойынша сауаттылық тексеріліп, жазудың жылдамдығын ескерілсе, биыл оқу техникасын меңгеру қабілеттеріне баса назар аударылды.
Байқау жас ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінді: орта жастағы 1-2 дәрежедегі көз мүгедектегі бар оқырмандар және облыстық арнайы жалпы білім беретін №7 мектеп-интернаттың зағип оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, тифлопедагогикалық оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, саусақ ұшының сипап-сезу мүшесінің қаншалықты жақсы дамығандығын тексеру үшін «Түртіп ал!» тактильді ойыны ойнатылды. Луи Брайльдің өмірбаяны жайында қысқаша ақпарат айтылып, оқырмандар арасында викториналар өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтама қағаздармен қатар бағалы сыйлықтарға да ие болды.
Мектеп-интернат оқушылары арасында үшінші орын Нұрсұлтан Салықов, екінші орынды Әлихан Оспан, ал бірінші орынды Рунара Абдулова алды.Кітапхана оқырмандары арасынан үшінші орынды Фаина Дедкова, екінші орынды Лилия Кызынгашова алса, бірінші орын Жеңісгүл Садықоваға бұйырды.