Павлодарда үздік дін қызметкерлері марапатталды

ҚМДБ, Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарының жиналысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінде өткен жиналыс алдымен Құран оқылып, дұға жасалумен басталды.
Келесі кезекте облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы 2024 жылы өкілдіктің ҚМДБ-нан бекітілген бес бағыт бойынша атқарған жұмыстары, олардың еліміз көлеміндегі деңгейі қаншалықты болғаны туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Мәдениұлы қатысып, қазіргі облыстық діни ахуал туралы айтып, имамдармен кейбір жұмыс бағыттары туралы ойларымен бөлісті.
Әрі қарай ҚМДБ-дан 2025 жылы бекітілген іс-қызметтің төрт бағыты, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғаны туралы кеңінен айтылып, осы төрт бағытқа жауапты болған мамандар биылғы жылы атқарылатын жұмыс кестесін таныстырып, тапсырмалар берілді.
Соңында 2024 жылы үздік болған қала, аудан, ауыл мешіттері және дін қызметкерлері – имам, наиб имам, ұстаз, азаншы, дін қызметшілері марапатталды.